Білемін,
осындай қастерлі Қонақ үшін үйіңіздегі ең мәртебелі бөлмені ашатыныңызды,
Оған ұсынатын мәзіріңіз мәзірлеріңіздің ең дәмдісі болатынын,
Оның сіздің үйге келгеніне риясыз шаттыққа бөленетініңізді
Оған қызмет көрсетуден шынайы бақыт сезетініңізді.
Бірақ, маған бүкпесіз айтыңызшы,
Пайғамбарымыз үйіңізге бет түзеп келе жатқанын көргеніңізде,
Оны керегеде қарсы алмақсыз ба?
Әлде, ол ішке кірмей тұрып, асығыс-үсігіс,
Базбір журнал мен газеттерді дереу арада тығып,
Олардың орнына Құранды қоясыз ба?
Ал, айтыңызшы, американдық киноларды қарауды жалғастыра бересіз бе?
Әлде теледидарды өшіруге ұмтыласыз ба?
Оның ашуланбауы үшін..
Кім біледі, бәлкім ең соңғы айтылған дөрекі сөзді
Отыз тісіңізден шықпауын тілер ме едіңіз..
Ал, даңғаза саз кассетталарыңызды да тығар ма едіңіз?
Олардың орнына үсті шаң басқан хадис кітаптарын қояр ма едіңіз?
Пайғамбарды күткізбей үйдің төріне шақырар ма едіңіз?
Не болмаса «енді қайттым» деп, мазасызданып,
Абыр-сабыр болатын ба едіңіз?
Маған осы қызық;
Пайғамбарымыз бір-екі күндікке сіздікінде қалса,
Әдеттегі жасайтындарыңызды одан әрмен жасай беретін ме едіңіз?
Үйіңіздегі әңгімелер бұрыңғыдай болар ма еді?
Әр тамақтан соң, дастархан басында бата жасау қиынға соғар ма еді?
Әлпетіңізді кіжірейтпей, бес уақыт намазыңызды өз уақытында қылар ма едіңіз?
Таңғы намазыңызды оқымаққа ыстық төсегіңізді тәрк етіп сәждеге бас иер ме едіңіз?
Үнемі айтатын өлеңдеріңізді ішіңізден айтар ме едіңіз?
Үнемі оқитын кітаптарыңызды оқыр ма едіңіз сонда да?
Ақыл мен рухыңыздың немен толғанын білуін қалар ме едіңіз?
Әлде, еш білмесе екен дер ме едіңіз?
Немесе былайша қайырайық:
Баратын барлық жеріңізге Пайғамбарды да қасыңызға ертер ме едіңіз?
Әлде, бір-екі күнге жоспарларыңыз ауысып сала берер ме еді?
Ең жақын досыңызды Онымен таныстыруға ұялмайтын ба едіңіз?
Немесе, Пайғамбар зияраты біткенге дейін
Еш дидарласпауларын тілер ме едіңіз?
Қазір қолыңызды жүрегіңізге тақап тұрып маған айтыңыз:
Оның мәгі бақиға сізбен бірге қалуын қалар ма едіңіз?
Әлде ол кете салысымен терең тыныстап тыныш табасыз ба?
Расында да осылардың аражігін ажыратып алу қызық болар еді
Оны түсіну, түйсіну..
Пайғамбарымыз қонаққа келер болса
Істейтіндерімізді ой елегінен өткізсек..
Егер күндердің күнінде Пайғамбарымыз есігіңіздің алдына келіп,
Бір-екі күндікке болмаққа ниет етсе
Не істейтініңізді білгім-ақ келеді..
(Аударған - Асылбеков Нұрғиса)
Егер Пайғамбарымыз қонаққа келер болса...
Subscribe to:
Post Comments (Atom)

3 пікір:
Ой, кандай керемет ангиме!
Журек ауыртарлык жагдай гой, осындай ангимеден сон бир сат болсада катты ойга калатынын, осы уакытка дейн откен омирине ой елгезегинен откизип бир рухани асер алатынын рас.Алла разы болсын,Эльвира.Адамдар пенде емес пе, мына омирдин бас айналдырар, коз кызыктырар жаналыгына мастанып, акыретимизди ойлаудан калып бара жаткан заманда осындай ангимелер, туйсиги бар адамдарга бир кез болсада адаспауына, артка карай бир карауына улкен себебин тигизери созсиз.ойткени Пайгамбарымыз (с.а.с)конакка келу былай турсын, сол Пайгамбарымыз тусимизге кирип жатса улкен куаныш ари озимиз ушин нендей окиништи.Ойткени биз Пйгамбарымыздын нагыз шынайы умбетим деп айтуга толык кумандимин.Пайгамбарымыз жасаган ис арекеттерди, мусылман бойындагы парзыдарын толык аткарып журмиз ба? Содан катты уяламын. Ешкандайда дайындыгымыз жок кой7 Одан да мен барлык мусылмандарга аркез напсимизге бой бермей,Алла разылыгы ушин, Пайгамбарымыздын жолымен, мусылмандык парызбен осы омир атты сынактан аман есен отейк деп тилер едим.
Тамаша дүние екен. Маған арнап айтылған тәрізді. Міне, нағыз насихат! Мұсылманның қандай болу керектігін, не істеп не істему керегін бір парақ қағазға ғана сиғызған да қойған.
Оқырман жүрегін бірден жаулап алады екен. Автор уағыз айтудың тамаша тәсілін ойлап тауыпты. бәрекелді, алған әсерім әлі тарқамай отыр. Көшіріп алып имандылыққа жақын достарыма таратып бермесем...
игілікке жарасын деп тілеймін! рахмет
Post a Comment