Арман 13 жасар бүлдіршін. Анасының оған берген кейбір үй жұмыстарын орындағысы келмей назданады. Бір күні анасы әдеттегідей үй жұмыстарынан кейбіреуін орындауды тапсырады. Көп ұзамай Арман анасына мынандай хат жазады:
Ана, маған үй жұмыстарын істеткізгеніңіз үшін төмендегідей қарызыңыз бар;
нанға бардым - 100 теңге,
бөлмемді жинадым - 50 теңге
"5" алдым - 50 теңге
мусор төктім - 100 теңге
компьютер ойнамадым - 50 теңге
құлайын деп тұрған ыдысты ұстап қалдым - 50 теңге
киімдерімді реттедім - 100 теңге
кір киімдерімді кіржуғыш машинаға қойдым - 50 теңге
...
барлығы: 550 теңге қарызыңыз бар! уақытысында төлемесеңіз % қосатынымды айтып қояйын!
анасы Арманға мынандай жауап жазады:
саған ана сүтін бердім - 0 теңге
түнде қорқып оянғаныңда қасыңда болдым - 0 теңге
тамақ пісірдім - 0 теңге
науқастанғаныңда қасыңнан кетпедім - 0 теңге
түсінбеген сабағыңды түсіндірдім - 0 теңге
көңілсіз болғаныңда қолдаушың болдым - 0 теңге
көңілді болғаныңда бірге қуандым - 0 теңге
сені қандай да болсын жамандықтан қорғауға тырыстым - 0 теңге
сені еркеледім - 0 теңге
ұнататың заттарды сатып алдым - 0 теңге
Арман жазған хатыңнан ұялып қалады да, бұдан былай анасың ренжітпеуге, айтқаның орындауға бар күшін салады.
анаға хат
Subscribe to:
Post Comments (Atom)

1 пікір:
Minau shin ote gajap naste eken!
Keremet masallah!
Post a Comment