тереземіздің тазалығы

Жас жұбайлардың жаңа үйге көшкен кез. Таңертең жастар шәйға енді тұрса, көршілері жуылған кірлерді балконына жайып үлгіретін. Жас әйел күйеуіне 'Қарашы, кірлерді таза жумапты, түһ кір жууды да білмейді, арзан сабынмен жуған шығар' депті. Күйеуі бетіне бір қарап, үндемей таңғы асын іше беріпті. Бір ай бойы әйел көршісінің кір жуғанын көрген сайын айтқан сөзін қайталай беріпті. Бір күні қараса - көрші кірін тап-таза ғып жуып қойыпты. Аңтаң болған әйел 'О-о, мынаны қара! кір жууды ақыры үйреніпті ғой, кім үйретті екен..' десе, 'Мен таңертең сәл ертерек тұрып, терезелерді сүртіп шықтым' депті күйеуі. Басқаларды қалай көретініміз - тереземіздің тазалығына байланысты.

3 пікір:

Zhanbolat said...

Өте қызық екен

Жасулан said...

Дегенмен қазиргі таңда осындай қыздар коп қой

Эльвира said...

бұл жердегі мәселе қыз/ұлдың мұндай-ондай болуында емес, жалпы адамдардың біреуді сынағанда, біреу туралы жаман ойлағанда "ол кемшілік менде де болмағанда оны басқа біреуде көреалмас/ байқайалмас едім ғой" дей алуда жатыр деп ойлаймын.